Атырау, 29 желтоқсан 04:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Атырау облысында жерді заңсыз пайдалану деректері анықталды

1 290 рет қаралды

2025 жылдың наурыз–сәуір айларында ҚР АШМ ЖРБК Атырау облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті мемлекеттік жерлерді заңсыз иелену фактілерін анықтап, олардың жолын кесті.

Тексеру нәтижесінде 42 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Барлық құқықбұзушылықтар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 136-бабына сәйкес сараланып, жалпы сомасы 7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл қаражат мемлекет кірісіне толықтай өндірілді.

Сонымен қатар, заңбұзушыларға анықталған құқықбұзушылықтарды жою жөнінде міндетті нұсқамалар берілді. 

Бұдан бөлек, департамент екі жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша игеру қажеттігі туралы талап қойды. Алайда талаптар орындалмағандықтан, бұл учаскелерді мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа арыз берілді. Сот шешімімен жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару белгіленді.

8 мамыр, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.