Атырау, 6 желтоқсан 09:05
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

«ҚазМұнайГаз» Атырауда ПЭТФ зауыты үшін серіктес іздеуде

1 267 рет қаралды
Сурет ChatGPT арқылы жасалған

«ҚазМұнайГаз» Атырау облысында полиэтилентерефталат (ПЭТФ) өндіретін зауыт салу жобасына стратегиялық серіктес іздеуде, деп хабарлайды «Нефть и газ Казахстана» Telegram арнасы.

Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Асхат Хасенов мұнай-газ химиясын дамытуға арналған үкімет отырысында мәлімдеді. ПЭТФ – жеңіл пластик, ол орауыш материалдар мен тоқыма талшықтарын өндіруде қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ПЭТФ өндірісі жоқ болғандықтан, ел толықтай импортқа тәуелді.

Өткен жылы ҚМГ мен Sinopec бұл жобаны бірлесіп жүзеге асыруды талқылаған болатын. Тіпті алдын ала ТЭН аяқталғаны және FEED кезеңіне көшу жұмыстары басталғаны туралы ақпарат тараған. Алайда, шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі шешілмейінше, ешбір стратегиялық серіктес жобаны бастауға келіспейді. Бұл жобаның шикізаты ретінде Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) өндіретін параксилол қарастырылуда. Бірақ елде жоғары октанды бензин тапшылығы туындаған кезде, АМӨЗ ароматикалық өнімдер өндірісін тоқтатып, отын режиміне көшеді.

Өткен жылы АМӨЗ шамамен 115 мың тонна параксилол өндірді, бірақ бұл өндіріс тек маусым айына дейін ғана жұмыс істеді. Шілде айынан бастап жыл соңына дейін ароматикалық кешен тоқтап тұрды. Осылайша, ішкі нарық жоғары октанды бензинмен толық қамтамасыз етілмейінше, жаңа өндірісті параксилолмен жабдықтау мәселесі шешілмейді.

8 мамыр, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.