Атырау, 22 желтоқсан 20:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«Анашым, көмектесші!»: Атыраудағы тергеу абақтысында сотталған жігіт өз тамырын кесіп, аузын тігіп тастады

Бейнежазба
2 021 рет қаралды

Куәгерлер УГ-157/9 мекемесінің терезесінен шыққан айқайларды естіген. Олар сотталушының қанға боялған сүлгіні бұлғап, өтіп бара жатқан адамдардың назарын аударуға тырысқанын айтады.

Оны бақылағандардың арасында сотталған жігіттің анасы да болған. Ол 7 мамыр күні таңертең 24 жастағы ұлы өзінің тамырын кесіп, аузын тігіп тастағанын хабарлады. Жақында ол ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен сотталған еді.

«Ұлым Қарағандыға қатаң режимдегі колонияға рецидивист ретінде этаптауға қарсы наразылық білдіруде. Өйткені Оралда да осындай түрме бар, ол жазасын үйіне жақын жерде өтеуге мүмкіндігі болар еді.

...Қолымда кәмелетке толмаған екі балам бар, өзім жұмыс істемеймін, егер оны Қарағандыға этаптаса, менің оған барып тұруға мүмкіндігім болмайды», – деп түсіндірді әйел.

«Ақ Жайық» редакциясы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне және прокуратураға ресми сауал жолдап, сотталушының жағдайы туралы ақпарат беруді, сондай-ақ оның әрекеттеріне құқықтық баға беруді сұрады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Николай Макеевтің видеосы

8 мамыр, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.