Атырау, 6 қыркүйек 23:58
 дождьВ Атырау +25.8
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Мұқырда нөсер жауын болды: жағдай бақылауда

Бейнежазба
1 371 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот

7 мамыр сағат 18:00-ден 18:30-ға дейін Мұқыр ауылында нөсерлетіп жауған жаңбыр салдарынан ауыл ішінде көп мөлшерде су жиналып қалды. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басу фактілері тіркелген жоқ.

Жауын-шашын салдарын жою үшін жедел түрде трактор, мотопомпа, сорғылар, екі жүк тиегіш және төтенше жағдайлар қызметінің 7 қызметкері жұмылдырылды.

Сейсенбі күні кешке ауылдағы жағдай тұрақталды, жаңбыр басылды, тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.


8 мамыр 2025, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.