Атырау, 6 желтоқсан 09:01
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстан ОПЕК+ келісіміне адалдығын растайды

1 461 рет қаралды
ОПЕК+ штаб-пәтері

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ОПЕК+ келісімі аясындағы серіктестерімен ынтымақтастықты жоғары бағалайды және бұл форматты әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды құралы деп санайды.

Осыған байланысты министрлік БАҚ-та пайда болған, елдегі мұнай өндіру деңгейін түзету сыртқы қысымның нәтижесі деген ақпаратқа түсініктеме беруді қажет деп санайды. Министрлік мұндай мәлімдемелерді үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Қазақстан Республикасы ОПЕК+ келісіміне адалдығын растайды және жаһандық энергетикалық нарықтың тұрақтылығына өз үлесін қоса отырып, қабылданған барлық міндеттемелерді орындауды жалғастырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Bloomberg агенттігі Сауд Арабиясының қысымынан кейін Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіруді қысқарту міндеттемелерін орындау жолдарын қарастырып жатқанын хабарлаған болатын. Агенттік мәліметінше, Қазақстан маусым айында мұнай өндіруді 1,5 млн баррельге дейін қысқартуға келіскен (наурыз айында 1,85 млн баррель болған). Алайда Энергетика министрлігі бұл шешімнің қалай жүзеге асырылатынын әлі нақтыламады.

Аталған материал жарияланғаннан кейін министрліктің ресми аккаунтында жарияланған терістеу алынып тасталып, оның орнына мақала тақырыбында көрсетілген хабарлама жарияланды. Энергетика министрлігі ОПЕК+ серіктестері бұл туралы бірнеше рет хабардар етілгенін атап өтті.

7 мамыр, 01:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.