
Атырауда 12-16 мамыр аралығында кейбір ықшамауданда ыстық су уақытша өшіріледі. Бұл туралы "Атырау жылу жүйелері" АҚ хабарлады.
"Атырау жылу жүйелері" АҚ 2025 жылғы 12-16 мамыр аралығында жылу пункттерінің жабдықтарын тексеру және күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар мекенжайларда ыстық су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлады.
Ыстық су келесі ықшамаудандарда болмайды:
- «СМП 136» ОЖБ-нен – СМП-136 ықшамауданы, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 7а, 8 үйлер.
- «Центр А» ОЖБ-нен – Орталық ықшамаудан, № 3-11 үйлер, Махамбет көшесі, 87б, Абай көшесі, 6 және 6а.
- «ЖД 3» ОЖБ-нен – СМП-163 ықшамауданы, № 1а, 2б, 3, 5, 5б, 7, 9, 11 үйлер.
- «Лесхоз» ОЖБ-нен – Лесхоз ықшамауданы, № 4, 9-15, 17-19, 21а, 22, 22а, 23, 23а, 24, 26, 28-35, 37-40, 43, 44, 47-49, 54, 55, 63 үйлер, Медеубаев көшесі, 22б.
Компания өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарды жоспарланған жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырады.
В Атырау 0