Атырау, 22 желтоқсан 20:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда суға кеткен жасөспірімді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

903 рет қаралды

Атырауда үшінші күн қатарынан моторлы қайықтан құлап кеткен 17 жастағы жасөспірімді іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2007 жылы туған К.А. қайықпен Өзеннің қарсы бетіне өтуге тырысқан кезде суға құлап кеткен.

Оқиға орнына іздестіру-құтқару тобы дереу жетіп, алғашқы минуттардан бастап қарқынды іздестіру жұмыстары басталды. 

Күн сайын іздестіру операциясына: 12 құтқарушы, 4 су көлігі, 3 техника бірлігі, дрон (беспилотник) жұмылдырылған. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері мен арнайы кеме қосылған. 

Құтқарушылар іздеу жұмыстарын сүңгуірлердің су астына түсуі, өзен акваториясын визуалды тексеру және өзен түбін тралдау әдістері арқылы жүргізуде.

Қазіргі уақытта өзен арнасының екі шақырымға жуық бөлігі зерттелді. Құтқарушылардың айтуынша, Жайық өзенінің ағысы өте қатты, су астындағы көріну деңгейі нөлге тең, өзен түбінде бөгде заттар көп, Бұл факторлар іздестіру жұмыстарын айтарлықтай қиындатуда.

Қайғылы оқиға 3 мамыр күні сағат 17:25 шамасында Еркінқала ауылында орын алған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Атырау қаласының тұрғыны моторлы қайықпен Жайық өзенінде жүзіп бара жатқанда суға құлап, қайтадан су бетіне шықпаған.

Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасуда

6 мамыр, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.