
АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық бюджет есебінен мутацияланған қауіпті вирустарды зерттеуге қаржылай қолдауды тоқтату туралы бұйрық берді. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды Коммерсантъ.
Трамптың пікірінше, мұндай зерттеулер қауіпті салдарға әкелуі мүмкін, соның ішінде:
- Көптеген адамның өлімі,
- Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің әлсіреуі,
- Экономикалық және ұлттық қауіпсіздіктің төмендеуі.
Ол Джо Байден әкімшілігінің бұған дейін осындай «қауіпті зерттеулерді» жеткілікті бақылаусыз мақұлдағанын сынға алды.
Құжатта қауіпті патогендерді зерттеу тиісті қауіпсіздік шараларынсыз жүргізілсе, жаңа пандемия қаупі туындауы мүмкін екені айтылған.
2024 жылдың қаңтарында АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) коронавирус жасанды жолмен пайда болды деген тұжырым жасаған есепті жариялады, бірақ нақты дәлелдер келтірілмеді.
Сәуір айында Ақ үй COVID-19-дың зертханалық жолмен пайда болғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, «вирус табиғатта кездеспейтін биологиялық ерекшеліктерге ие».
Алайда, Қытай билігі бұл мәлімдемені бірнеше рет жоққа шығарды. Ресейдің Роспотребнадзор мекемесі де бұл теорияны растамады.
В Атырау +4