Атырау, 22 желтоқсан 21:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды

Сурет
978 рет қаралды

Бүгін, 6 мамырда Атырау қаласында Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың тұрған үйіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Атырау облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі. 

Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл тағылымды шара — туған жерінен шыққан қаһарман батырдың ерлігін ұлықтап, жас ұрпаққа өнеге ету мақсатында ұйымдастырылды.

Даңқты жауынгер  1919 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қайыршақты ауылында дүниеге келіп, 1941 жылдан бастап Солтүстік Кавказ майданында 18-армия, 318-атқыштар дивизиясы құрамында жауға қарсы ерлікпен шайқасқан. Батыр есімі мәңгілік ел жадында.

Салтанатты шараға батырдың майдандас досы Жұма Медетовтің ұлы – Ішкі істер министрлігінің отставкадағы полковнигі Серік Жұмаұлы Медетов арнайы шақырылды.

6 мамыр, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.