
"Атырау облысы Су арнасы" КМК 2025 жылғы 6 мамыр күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Лесхоз ықшам ауданында су құбырына жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты және №2 көтергіш насос станциясының тоқтауына орай, бірнеше мекенжайда ауыз су уақытша жүрмейтінін хабарлайды.
Ауыз су төменде көрсетілген тұрғын үйлер мен нысандарға уақытша берілмейді:
- Лесхоз ықшам ауданы: №4, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 18, 19, 21а, 22, 22а, 23а, 24, 26, 28, 29, 30, 31, 33, 34, 35, 37, 38, 39, 40, 43, 44, 47, 48, 49, 55, 57, 63 үйлер;
- "Атырау қаласында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы" ММ: Лесхоз ықшам ауданы, №7;
- "Нурай" балабақшасы: Лесхоз ықшам ауданы, №15А;
- №28 орта мектеп: Лесхоз ықшам ауданы, №28А;
- "Avant-Garde" тұрғын үй кешені: Лесхоз ықшам ауданы, Медеубаев көшесі, №22Б.
6 мамыр, 02:09
В Атырау 0