Атырау, 5 желтоқсан 07:43
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда балық аулауға шыққан 17 жасар жасөспірім суға кетті

1 023 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

Қайғылы оқиға 3 мамырда шамамен сағат 17:25-те Еркінқала ауылында болды. ТЖ департаментінің берген ақпараты бойынша, 2007 жылы туған Атырау тұрғыны Жайық өзені үстінде моторлы қайықтан суға түсіп кетіп, кері судың бетіне шықпай қалған. 

Суға кеткен жасөспірімді іздеуге ТЖ департаментінің 19 құтқарушысы, алты жүзу құралы және 5 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар Полиция департаментінің сегіз қызметкері мен үш бірлік техникасы қатысты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 мамыр, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.