
Перу елінің Ла-Либертад департаментінде 13 шахтердің денесі табылды. Олар бір апта бұрын қарулы топ тарапынан ұрланған болатын, деп хабарлайды АА.
Бұл топ заңсыз пайдалы қазбаларды өндірумен айналысқан. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, жұмысшылардың қолдары байланған, бастарына оқ атылған күйде табылған.
Шахта компаниясы билікті қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.
2024 жылы Перу үкіметі заңсыз қылмыстық ұйымдармен күресу мақсатында Патаз провинциясында төтенше жағдай жариялаған.
Перу әлемдегі ең ірі алтын өндіруші елдердің бірі, бірақ заңсыз алтын өндіру және ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелері әлі де өзекті болып отыр.
В Атырау +4