Атырау, 5 желтоқсан 08:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Трамп Алькатрас аралындағы түрмені қайта ашуды тапсырды

629 рет қаралды
Фото: Stephen Lam / File Photo / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Алькатрас аралындағы түрмені қайта қалпына келтіріп, оны аса қауіпті қылмыскерлер үшін қайта ашуды тапсырды, деп хабарлайды Коммерсантъ.

Трамп бұл шешімін Truth Social әлеуметтік желісінде жариялап, құқық қорғау органдарының қылмыскерлермен күрестегі әлсіздігіне алаңдаушылық білдірді.

Түрмені қайта ашу жұмыстарын Федералдық түрме бюросы, Әділет министрлігі, ФБР және Ішкі қауіпсіздік министрлігі бірлесіп жүргізеді.

Алькатрас түрмесі 1963 жылы жоғары шығындарға байланысты жабылған болатын. Оның жөндеу жұмыстары 3-5 миллион доллар көлемінде бағаланған.

5 мамыр, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.