Атырау, 6 желтоқсан 09:03
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Бектенов «Самұрық-Қазынаға» KPI және Silleno зауыттарындағы өндірістің тоқтап қалу​ мәселесін шұғыл шешуді тапсырды

667 рет қаралды

Үкімет отырысында Премьер-министр өндіріс орындарының тоқтап қалу қаупін азайту және басқарушылық тәртіпті күшейту қажет екеніне назар аударды.

«Полипропилен зауытында өндірістің жоспардан тыс тоқтап қалуы және полиэтилен мен бутадиен шығару жобаларын іске асыру кезеңдерінің созылып кетуі алаңдаушылық туғызып отыр. Мұнда мерзімдерді бұлжытпай сақтау, өндірістің тоқтап қалу қаупін азайту және басқарушылық тәртіпті күшейту қажет.

"Самұрық-Қазына" қорына осы жылдың 15 маусымына дейін KPI зауытының тоқтап қалу себептерін жоюдың нақты кестесін, сондай-ақ Silleno зауытының аяқталу кезеңдері мен мерзімдерін көрсете отырып, жаңартылған жоспар-кестесін дайындап, ұсынуды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен бірге осы жылдың 1 тамызына дейін бутадиен жобасы бойынша түпкілікті шешім қабылдау қажет.

5 мамыр, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.