Атырау, 9 қазан 10:28
 дождьВ Атырау +9
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Атырау облысында мұнай химиясы саласындағы төрт ірі жоба жүзеге асырылады

1 021 рет қаралды

Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов Үкімет отырысында мұнай химиясы саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Ол Атырау облысының аумағында арнайы экономикалық аймақта мұнай химиясы саласында 4 ірі жоба іске асырылып жатқанын атап өтті:

KPI зауыты 3 айда 97,8 мың тонна полипропилен өндірілді, жыл соңына дейін 500 мың тонна көлемінде толық қуатына шығу күтілуде;

«Silleno» полиэтилен өндіру зауыты қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары басталды;

Бутадиен және оның өнімдерін шығаратын зауыт құрылысын «Татнефть» компаниясымен бірлесіп осы жылдың екінші жартыжылдығында бастау жоспарлануда;

Терефтал қышқылы және полиэтилентерефталат өндіру бойынша зауыт. Қазіргі уақытта стратегиялық серіктес іздеуде.

«Жалпы, өңірдегі химия өнеркәсібі өнімінің көлемі 3 айда 47,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға артық», — деп атап өтті Серік Шапкенов.
5 мамыр 2025, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.