Атырау, 22 желтоқсан 21:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Биыл "Орал –Атырау"​ жолының құрылысы басталады

599 рет қаралды
Сурет: ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол қамтылады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. 

«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады.

Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын "Қалбатау – Майқапшағай", "Күрті – Қонаев", "Қызылорда– Жезқазған" және "Ұзынағаш – Отар" жолдарының реконструкциясы жалғасады.

Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында "Жезқазған – Петропавл", "Мұқыр – Құлсары", "Қандыағаш – Ембі -Ырғыз", "Қостанай – Қарабұтақ", "Өскемен – Шемонаиха", "Өскемен-Рахман кілттері", "Орал –Атырау" жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

5 мамыр, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.