Атырау, 22 желтоқсан 21:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырау маңындағы өрт шамамен 500 гектар аумақты қамтыды

950 рет қаралды
Каспий теңізі жағалауындағы қамыс өрті. Видеодан алынған стоп-кадр

3 мамыр күні таңертең сағат 07:20-да Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде болған ірі өрттің толықтай сөндірілгенін хабарлады.

Ашық аумақта қамыс өртенді — жалын жалпы 475 гектар аумаққа таралды. 

Өртті Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) мен «АқЖайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері бірлесе сөндірді. ТЖД мәліметінше, 75 гектар аумақтағы қамыс қолмен өшірілсе, шамамен 400 гектар аумақтағы өрт өздігімен сөнген.

Жалпы өртті сөндіру жұмыстарына 101 адам мен 21 техника тартылды. Оның ішінде ТЖД-ден 76 қызметкер мен 12 техника, ал «АқЖайық» резерваты тарапынан 25 адам мен 9 техника жұмылдырылды.

Өрттің қайта тұтануын болдырмау мақсатында оқиға орнында тәулік бойы бақылау ұйымдастырылды — кезекшілікті Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері атқаруда. 

3 мамыр, 21:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.