
Каспий теңізінің жағалауындағы қамыстың жануын жою үшін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жалынмен күресуде.
Еске салсақ, 2025 жылғы 1 мамырда сағат 18:30 шамасында Атырау қаласы Тасқала ауылынан шамамен 40 шақырым жерде қамыстың 4 жану ошағы анықталған болатын. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жұмылдырылды. Сол сәттен бастап өртпен күресу жалғасуда.
Қазіргі уақытта жалпы саны 101 адам, 21 бірлік техника (ТЖД 76 қызметкер, 12 бірлік техника, «Ақжайық» МТР 25 адам, 9 бірлік техника) өртті сөндіру жұмыстарын жүргізуде.

Өртті сөндіру кезінде қамыс баурайының биік (2-2,5 метр) әрі қалың болуы, сондай-ақ, аймақтың сулы-батпақты болуы қиындық туғызуда. Сонымен қатар, желдің екпінді болуы салдарынан өрттің таралу аумағы күшеюде.
Сағат 18:30 жағдай бойынша ТЖД және «АқЖайық» МТР бірлескен күштерімен қамыстың 50 га жуық жану аумағы сөндірілген. Шамамен 400 га аумақтағы жану өздігінен өшті, өрттің жалпы аумағы анықталуда.
Қалған жану ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ.
В Атырау 0