
Қазақстанда «Бекіре - 2025» табиғатты қорғау акциясы жалғасуда. Бұл бастама Жайық-Каспий бассейніндегі бекіре және басқа да балық түрлерін сақтау мен олардың уылдырық шашу жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.
1 сәуір - 1 мамыр 2025 жыл аралығында:
- 593 экологиялық заң бұзушылық анықталды және тоқтатылды
- 445 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
- 19 қылмыстық іс қозғалды (браконьерлік және сирек кездесетін балық түрлерінің заңсыз айналымы)
- 2 770 кг балық, оның ішінде 582 кг бекіре, 2 кг қара уылдырық, 128 аулау құралдары және 6 су көлігі тәркіленді
- Күнделікті тралдау кезінде 379 тыйым салынған аулау құралдары су қоймаларынан алынды
- Браконьерлерге 10,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды
Ақпараттандыру шаралары аясында:
- 61 БАҚ-та жарияланым шықты,
- 16 теледидарлық және 4 радио хабар таратылды.
Операция 2025 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.
3 мамыр, 13:58
В Атырау 0