Атырау, 9 қазан 10:28
 дождьВ Атырау +9
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Атырауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

1 223 рет қаралды

2025 жылдың 3 және 4 мамырында сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Жилгородок ықшамауданындағы "Мұнайшы" стадионының алдында жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі хабарлағандай, жәрмеңкеде тұрғындар мен қонақтар азық-түлікті қаладағы сауда нүктелеріндегі бағадан 10–15% төмен сатып ала алады. 

Жәрмеңкеде жаңа піскен көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдері, дәнді дақылдар және аймақта өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады.

Бұл іс-шара жергілікті фермерлерді қолдауға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халыққа түсетін баға жүктемесін азайтуға бағытталған.

3 мамыр 2025, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.