Атырау, 9 қазан 10:27
 дождьВ Атырау +9
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Атырау – Астрахань жолын қайта жаңғырту: соңғы кезең басталды

Бейнежазба
1 441 рет қаралды

Облыстық маңызы бар Атырау – Астрахань тас жолының 616–621 шақырым аралығындағы, яғни қалаға кіреберіс бөлігін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Казахдорстрой» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
⠀
Аталған учаске III санаттан I санатқа ауыстырылып, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгеріміне берілген. Соған сәйкес, жол енді төрт жолақты болып кеңейтіледі.
⠀
– Жолдың жалпы ұзындығы – 5 шақырым. Оның ішінде теміржол өткелінің үстінен өтетін ұзындығы 89,4 метрлік үлкен көпір бар. Жоба аясында ескі көпір толық бұзылып, жаңадан салынады. Жол төрт жолақ болады, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлімінің бас маманы Алтынбек Бейбітов.
⠀
Құрылыс аумағында 15 бірлік техника мен 10 жұмысшы бар. Қазіргі уақытта ескі жол қабатын бұзу және айналма жол салу жұмыстары жүргізілуде.
⠀
– Алдымен жолдың үстіңгі қабатын толық қазып аламыз. Айналма жол дайын болған соң, көлік қозғалысы сол жол арқылы ұйымдастырылып, негізгі құрылыс жұмыстары басталады. Бұл – алдағы бір айға жоспарланған жұмысымыз, –
деді жоба жетекшісінің орынбасары Әсет Бектенов.
⠀
Айта кетейік, 277 шақырым болатын Атырау – Астрахань тас жолының 272 шақырымына асфальт төсеу жұмысы аяқталды. Енді қалған 5 шақырымды 2026 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.


3 мамыр 2025, 00:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.