Атырау, 22 желтоқсан 21:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Пәтер тонау: Атырауда бірқатар ұрлық істері ашылды

Бейнежазба
1 287 рет қаралды

Атырау қаласының №2 полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тұрғын үйлерден бірнеше ұрлық жасаған деген күдікке ілінген екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаменті.

Тергеу дерегі бойынша, олар тұрғын үйлердің пластикалық терезесін белгісіз затпен ығыстырып ашу арқылы үй ішінен бағалы заттарды, алтын бұйымдарды, әртүрлі купюрадағы ақшаларды ұрлаған. Тексеру барысында күдіктілер ұрлаған алтын бұйымдарды қала аумағында орналасқан әртүрлі ломбард мекемелеріне тапсырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, олардың осыған ұқсас тұрғын үй-жайға заңсыз кіру арқылы 3 қылмысқа қатысы бары анықталды.

Қазіргі уақытта екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. 


2 мамыр, 18:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.