
2025 жылдың мамыр айында Атырау облысының ішкі нарығына 7887 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді деп хабарлайды Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Қосымша аймақтың қажеттіліктерін жабу мақсатында тағы 3000 тонна газ бөлу жөнінде министрлікке сұраныс жіберілді.
Газ Атырау қаласы мен облыс аудандарында орналасқан 101 автогаз құю станциясы арасында үлестірілуде.
Ресми мәлімдемеге сәйкес, қазіргі уақытта газ қоры жеткілікті, тапшылық байқалмайды.
В Атырау +3