Атырау, 21 желтоқсан 22:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Атырауда заңсыз алкоголь мен темекі өнімдерінің тасымалы анықталды

1 005 рет қаралды

Атырау облысында ірі көлемдегі контрафактілік алкоголь және темекі өнімдерін жеткізу фактісі тоқтатылды.

2025 жылғы 28 сәуірде Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Экономикалық тергеу департаментінің бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында акцизделетін өнімдерді — алкогольдік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын заңсыз жеткізуге байланысты кәсіпкерлік қызмет анықталып, тоқтатылды.

Заңсыз өнімдер Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында таратылған. Операция нәтижесінде 210 қорап Oris, Mondeo, Zumrret маркалы темекі, 262 вейп және 1535 литр алкоголь (307 дана 5 литрлік пластик ыдыстарда) тәркіленді.

Мемлекеттік орган азаматтарды темекі және алкоголь өнімдерін сатып алуда сақ болуға шақырады.

Өнімнің есептік-бақылау маркаларының түпнұсқалығын алкоголь үшін «E-sapa» мобильді қосымшасы арқылы, ал темекі өнімдері үшін «Naqty onim» қосымшасы арқылы тексеруге болады.

Бұзушылықтар туралы ақпаратты Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 94А мекенжайында орналасқан Мемлекеттік кірістер департаментіне немесе 318426 телефонына хабарлауға болады.

2 мамыр, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.