
Oxfam халықаралық қайырымдылық ұйымы жүргізген зерттеу бойынша, 2019 жылдан бері әлемдегі компания басшыларының орташа жалақысы 50%-ға артқан, ал қызметкерлердің жалақысы небәрі 0,9%-ға ғана көбейген, деп хабарлайды Euronews.
Oxfam 35 елдегі 2 000 компанияны зерттеген, олардың басшылары 2024 жылы 1 миллион доллардан астам табыс тапқан.
Еуропада ең жоғары жалақы алатын CEO-лар Ирландия мен Германияда, олар 2024 жылы жылына орта есеппен 6,7 миллион доллар (5,9 миллион еуро) және 4,7 миллион доллар (4,1 миллион еуро) табыс тапты.
Салыстырмалы түрде Оңтүстік Африкада CEO жалақысы 1,6 миллион доллар (1,4 миллион еуро), ал Үндістанда 2 миллион доллар (1,7 миллион еуро) болды.
Oxfam International атқарушы директоры Амитабх Бехар жыл сайын компания басшыларының жалақысы күрт өсіп жатқанын, ал қызметкерлердің жалақысы өзгеріссіз қалатынын атап өтті.
Зерттеу нәтижесі әлемдік экономикалық жүйенің байлықты жоғарғы тапқа шоғырландырып, қарапайым еңбеккерлердің тұрмыс деңгейіне әсер ететінін көрсетті.
В Атырау +4