Атырау, 5 маусым 03:23
 дождьВ Атырау +18.4
$ 485.34
€ 564.45
₽ 6.53

​Жапонияда жылан жүрдек пойыздардың қозғалысын екі сағатқа тоқтатты

1 152 рет қаралды

Жапониядағы ең жүктемелі теміржол желісі – Токио мен Осака арасындағы «Синкансэн» пойыздарының қозғалысы екі сағатқа тоқтатылды. Себебі метрлік жылан электр сымдарына оралып, қысқа тұйықталу тудырған, деп хабарлайды BBC News Русская служба

Оқиға Майбара мен Гифу-Хасима станциялары арасында сағат 17:00 шамасында орын алған. Жылан электр бағанына өрмелеп, жоғары кернеулі сымдардан өтуге тырысқан кезде өлген.

Пойыздарда жарық пен кондиционерлер жұмыс істеп тұрғанымен, қозғалыс тоқтап қалған. Токиодағы билет сату автоматтарының алдында ұзын-сонар кезектер пайда болған. Қозғалыс сағат 19:00 шамасында қалпына келтірілді.

Бұл оқиға Жапониядағы «Алтын апта» ұлттық мерекелер кезеңіне сәйкес келді, сондықтан әуежайлар, вокзалдар және басқа көлік тораптары ерекше жүктемеге ұшырады.

2 мамыр 2025, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.