Атырау, 22 желтоқсан 21:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Бүгін түнде Атырауда ауа сапасы нашарлайды

1 045 рет қаралды

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, бүгін түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

"2025 жылғы 2 мамырда ауа сапасының нашарлауына себеп болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Өскемен қаласында, түнде – Атырау мен Астана қалаларында күтіледі", – делінген ресми хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл желдің бәсеңдеуі, тұман, тымық ауа райы немесе инверсия сияқты табиғи құбылыстардың салдарынан зиянды заттардың атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалуына әкелетін қысқа мерзімді метеофакторлар жиынтығы. Мұндай жағдайда ауа дұрыс алмаспайды, соның салдарынан қалаларда түтін, шаң, автокөлік пен өндіріс орындарының шығарындылары көбейіп, адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

2 мамыр, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.