Атырау, 29 маусым 06:28
 дождьВ Атырау +14.6
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

​Руслан Ибраимов «ҚазТрансОйл» АҚ активтері жөніндегі басқарушы директоры болды

1 007 рет қаралды
Руслан Ибраимов. Сурет: Petrocouncil.kz

Руслан Ибраимов «ҚазТрансОйл» АҚ активтері жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.

Ол Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.

Әр жылдары «Сбербанк», «Халық банкі», «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-да жұмыс істеді, жергілікті қамту орталығының директоры, сонымен қатар «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ жеткізушілерді дамыту қызметінің басшысы болды.

2019-2021 жылдары «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өнеркәсіптік кооперацияны дамыту орталығының директоры қызметін атқарды.

2021-2024 жылдары - «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2024 жылғы наурыздан 2025 жылғы сәуірге дейін - «QazaqGaz» ҰК» АҚ аппарат басшысы қызметін атқарды. 

2 мамыр 2025, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.