Атырау, 21 желтоқсан 13:37
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда әлеуметтік комиссия отырысы өтіп, 26 адамға көмек бөлінді

1 000 рет қаралды
Сурет ChatGPT арқылы жасалған

Бұл туралы бүгін Facebook-тегі парақшасында Атырау облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл (омбудсмен) Амангелді Абдолов хабарлады. Қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов төрағалық еткен жиында өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері қаралды.

Абдоловтың хабарлауынша, арнайы комиссия отырысында 42 өтініш қаралған. Нәтижесінде, 26 өтініш берушіге жалпы сомасы 1 745 180 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек мақұлданған. Атап айтқанда:

  • мүгедектігі бар 6 адамға 310 000 теңге;
  • қатерлі ісікке шалдыққан 13 адамға 1 022 320 теңге;
  • бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 7 адамға 412 860 теңге.

Сонымен қатар Комиссия қорытындысымен 16 адамның өтінішінен бас тартылды. Жанұяның орташа табысы күн көріс деңгейінен асып кетуі, басқа да мемлекеттік жәрдемақы алып отыруы, әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға жатпауы бас тартуға себеп болды.

Сонымен қатар, Абдолов Атырау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №55 «Әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі. Төлем мөлшері арнайы комиссияның қарау нәтижелері бойынша жеке анықталады.

- Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындап, әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, - деп жазды омбудсмен.

Айнұр САПАРОВА

30 сәуір, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.