Атырау, 5 желтоқсан 09:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Коньяда ер адам инсульттен кейін туған тілін ұмытып, дат тілінде сөйледі

947 рет қаралды

Түркияның Конья қаласында инсульт алған 67 жастағы Рахми Карадемир медициналық емнен кейін күтпеген жерден дат тілінде сөйлей бастаған, бұл жағдай оның жақындары мен дәрігерлерді таңғалдырды, деп хабарлайды Yenicag басылымы.

Карадемир 20 жыл Данияда өмір сүріп, кейін Түркияға оралған. Соңғы он жылда Коньяда тұрды. Ол өткен аптада тізесіне операция жасатқан, бірақ екі күннен кейін оң қолы мен аяғы әлсіреп, сөйлеуде қиындықтар пайда болды.

Шұғыл тексеру барысында миының сол жақ бөлігіндегі бір артерияда тромб пайда болғаны анықталды. Дәрігерлер ангиография жасап, тромбты алып тастады.

Неврология профессоры Гекхан Оздемир бұл жағдайдың сирек кездесетін медициналық құбылыс екенін айтты. Бірнеше тіл білетін адамдарда инсульттен кейін бір тіл жоғалып, екіншісі кенеттен белсенді болатын жағдайлар бар.

Дәрігерлер оның түрік тілінде сөйлеу қабілетін қалпына келтіруі мүмкін екенін және тиісті терапия көмектесетінін айтты.

Қызық факт: Пациенттің қызы Мераль Карадемир әкесінің дат тілінде сөйлеуі отбасына күтпеген жағдай болғанын, бірақ қарындастары осы тілде сөйлей алатынын және онымен байланыс жасай алатынын жеткізді.

Өзі: «Түрікшені түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын. Сөздерді еске түсіруге тырысамын. Датша есімде, ал түрікше мүлдем есіме түспейді» – деп түсіндірді.

30 сәуір, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.