Атырау, 5 желтоқсан 09:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Үндістан мен Пәкістан шекарасындағы әскери шиеленіс күшейе түсті

842 рет қаралды
Фото: Getty Images

Исламабад Үндістанның шабуыл жасауға дайындалып жатқанын растайтын барлау деректеріне ие екенін мәлімдеді және кез келген агрессияға шешімді жауап беруге уәде берді, деп хабарлайды Korrespondent.net.

Пәкістанның ақпарат министрі Аттаулла Тарар 29 сәуірде әлеуметтік желіде Үндістанның келесі 24-36 сағат ішінде әскери шабуыл жасауға ниетті екенін, бұл үшін Пахалгамдағы оқиғаны жалған себеп ретінде пайдаланатынын жазды.

Clash Report Telegram-арнасының деректеріне сәйкес, 29 сәуірде Үндістан мен Пәкістан арасындағы шекарадағы Паргвал-Ахнур секторында әскери қақтығыстар басталды. Бұл аймақ Джаммудағы халықаралық шекарада орналасқан, ал мұндай қақтығыстар бұл жерде сирек кездеседі.

Еске сала кетсек, Үндістан мен Пәкістан арасындағы атыс бес күн бойы тоқтамай келеді. Қақтығыс 22 сәуірде Пахалгам қаласында болған шабуылдан кейін басталды, оның салдарынан шамамен 30 адам қаза тапты. Үндістан билігі бұл шабуылға Пәкістанмен байланысы бар содырларды айыптады.

30 сәуір, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.