Атырау, 16 мамыр 16:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 510.58
€ 571.80
₽ 6.34

Атырауда 2 келі бекіре уылдырығы тәркіленді

Бейнежазба
690 просмотра
Тәркілкенген уылдырық. Сурет: ПД

“Бекіре-2025” арнайы іс-шарасы барысында Атырау облысының полициясы заңсыз тасымалданған қызыл балықтың екі келіден астам уылдырығын тәркіледі. 

18 сәуір күні Атырау облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері республикалық “Бекіре-2025” профилактикалық іс-шарасы барысында бекіре тұқымдас балығының уылдырығын заңсыз тасымалдаған әйел адамды анықтады. 1991 ж.т. азаматша қаладағы қонақүйлердің бірінің маңында ұсталды. Жеке тінту барысында қолында қара полиэтилен дорбасынан  4 пластикалық ыдысқа салынған бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы табылып, тәркіленді.

Табылған уылдырықтың жалпы салмағы 2,006 кг құрады. Қазіргі уақытта соттық-биологиялық және тауартанушылық сараптамалар тағайындалды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.


30 сәуір, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.