
Әлеуметтік желілерде Атыраудағы мектептердің бірінде орын алған оқиға туралы сұмдық хабар тарады. Расталмаған деректер бойынша, үшінші сынып оқушысы өз сыныптасына қатысты зорлық жасаған болуы мүмкін.
Редакцияның ішкі дереккөздерінен алынған ақпаратқа сәйкес, полиция департаментіне қыздың ата-анасынан ресми шағым түскен, қазір алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Алайда жарияланған сәтте Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен ресми жауап әлі келмеді.
Сондай-ақ «АЖ» қалалық білім бөліміне түсініктеме алу үшін жүгінді. Оның басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА оқушы қыздың ата-анасынан ресми шағым түспегенін мәлімдеді:
— Әдетте, егер қылмыстық іс тіркелсе, бізге хабар беріледі, — деді ол.
Айнұр САПАРОВА