Атырау, 21 желтоқсан 13:38
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астраханьмен шекарадағы кезек азаймады: жүк көліктері тәуліктеп күтіп тұр

Бейнежазба
1 661 рет қаралды

«Ақ Жайық» редакциясы Құрманғазы ауданы Бөкейхан (бұрынғы Котяевка) ауылындағы шекара бекетінде ұзақ күтіп тұрып қалған жүргізушілердің көптеген шағымы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен ресми жауап алды.

Электронды кезек енгізіліп, қызметкерлер штаты көбейтілсе де, шекарадағы кептеліс мәселесі шешілмей тұр

Еске салсақ, жүргізушілердің айтуынша, тексеруді күту уақыты көбінесе бірнеше сағатқа, кейде тіпті тәулікке дейін созылады. Мәселе мамандардың тапшылығынан күрделене түсуде, өйткені өткізу бекетінде тек бір ғана жұмыс терезесі жұмыс істейді. Тіпті электронды кезек жүйесі арқылы уақытында бақылаудан өтуге кепілдіг жоқ – көптеген жүргізушілер кезекке қайта тіркеліп, келесі күні қайта тұруға мәжбүр.

Мемлекеттік кірістер департаменті редакцияның сауалына жауап ретінде «Курманғазы» өткізу бекетінде жүк көліктері үшін тек бір бағыттағы бір ғана жолақ қарастырылғанын хабарлады. Бақылау процесін екі қызмет – шекаралық және салық органдары жүзеге асырады. Департаменттің мәліметінше, бекетте 10 маман жұмыс істейді, ал көлік ағынының көбеюіне байланысты қосымша 3 қызметкер жіберілген. Дегенмен, қабылданған шараларға қарамастан, кезек мәселесі әлі де өзекті болып отыр.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Құрал ҚҰРМАНБАЕВТІҢ айтуынша, шекаралық қызмет қанша көлік өткізсе, сонша көлік бекеттен өтеді. Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан құжаттарды рәсімдеу бойынша ешқандай кедергі жоқ: орта есеппен 45 минут ішінде екі қызмет 7-8 жүк көлігін өткізеді, ал бір көліктің тексеруден өту уақыты шамамен 6-7 минутты құрайды. Алайда жүргізушілер кезектердің әлі де азаймағанын растайтын видеолар жіберуде, сондықтан мәселе шешілмей тұр.

Мемлекеттік кірістер департаментінен айырмашылығы, шекара қызметі сауалымызды Мемлекеттік кірістер департаментіне қайта жолдап, бұл мәселе бойынша түсініктеме берген жоқ.

Айнұр САПАРОВА

29 сәуір, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.