
7 мамыр күні Махамбет ауданының Таңдай ауылында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай дәстүрлі ат бәйгесі өтеді. Ауқымды шара Махамбет ауданы әкімдігінің қолдауымен және «Бәйге» федерациясының ұйымдастыруымен жүзеге асады.
Махамбет ауданы әкімдігі хабарлағандай, жарыс аясында үш түрлі қашықтықтағы бәйгелер жоспарланған:
- Тай жарыс – 6 шақырым,
- Құнан жарыс – 9 шақырым,
- Аламан бәйге – 21 шақырым.
Жалпы жүлде қоры – 2 миллион 600 мың теңге. Делебені қоздырар аламан Таңдай ауылындағы Бәйгетөбе алаңында сағат 10:00 де басталады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ