Атырау, 16 мамыр 16:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 510.58
€ 571.80
₽ 6.34

Талды сындырған түйе, қоқыс ақтарған сиыр: Полиция шара қолданып жатыр

742 просмотра

Көшеде емін-еркін жайылып жүрген сиыр, түйе, жылқылар Атырау тұрғындарының мазасын алды. Олар жол апатына себеп болуы мүмкін деп шағымданды тұрғындар, ал полиция болса, малдың иесіне шара қолданылатынын ескертті.  

Атырау тұрғындары әлеуметтік желіде көшеде жайылып жүрген төрт түлік жануар туралы жиі шағымданады. Жол бойында еркін жүрген сиырлар қоқыс шашып, түйелер талдардың жапырағын жеп жатыр. Ал көшеде жүрген жылқылар жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін, деген тұрғындар тиісті шаралар қабылдануын сұрайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, тұрғындардың шағымдары бойынша жануарлардың иелері анықталып, оларға қатысты шаралар қолданылуда. 2025 жылғы сәуір айында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу дерегі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы негізінде 62 хаттама толтырылған.

Айта кетейік, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың жергілікті өкілді органдары бекіткен ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу – үш айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Егер бұл әрекет жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтірсе, он АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Тұрғындар осындай жағдайлар бойынша полиция департаментіне шағымдана алады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

29 сәуір, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.