
Грекияда 12 жыл отасқан ерлі-зайыптылар ажырасуға шешім қабылдады. Себебі әйел ChatGPT чат-ботынан болашақты болжап беруін сұраған кезде, ол күйеуі жас әйелге ғашық болып, араларында жақын арада роман басталатынын "болжаған", деп хабарлайды Korrespondent.net.
Бұл жауап әйелді қатты таңғалдырды, нәтижесінде ол күйеуін үйден қуып, ажырасуға арыз берген. Ер адам бұл жағдайға таңданысын білдіріп, бәрі жай ғана әзіл болғанын айтады. Олар кофенің суретін жіберіп, болжау жасауды қызық көрген. Алайда күтпеген жерден ажырасуды ұйғарған.
Бұл оқиға Грекия қоғамында үлкен талқылауға себеп болды. Кейбір адамдар оны этикалық тұрғыдан бағаласа, ал кофе арқылы болжаумен айналысатын мамандар жасанды интеллекттің олардың кәсібіне қауіп төндіретінін айтып, наразылық білдіруде.