
Ресей президенті Владимир Путин 8 мамырдан 11 мамырға дейінгі аралықта, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығын атап өту құрметіне, Украинадағы әскери әрекеттерді тоқтату туралы бұйрық берді, деп хабарлайды Euronews.
Ресей тарапы бұл күндері гуманитарлық себептерге байланысты барлық әскери әрекеттерді тоқтататынын мәлімдеді. Мәскеу Киевті осы бастаманы қолдауға шақырды, бірақ егер украиналық тарап бітімді бұзса, Ресей тез арада жауап беретінін ескертті.
Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига екі жақты бітімнің 30 күнге созылуы дұрыс болар еді деп мәлімдеді. Ол Ресейдің шынайы бейбітшілікке ұмтылуы үшін әскери әрекеттерді дереу тоқтату керектігін атап өтті.
АҚШ президенті Дональд Трамп тұрақты бітім идеясын қолдайтынын білдірді.