
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде канадалықтарға үндеу жасап, оларды Канада мен АҚШ-ты біріктіру идеясын қолдауға шақырды, деп хабарлайды АА.
Ол Канада АҚШ-тың 51-ші штаты болған жағдайда, елдер арасындағы шекаралар алынып тасталып, еркін қозғалыс қамтамасыз етілетінін айтты.
Трамптың айтуынша, бұл бірігу салықтарды азайтып, кедендік баждарды жою арқылы автомобиль жасау, болат, алюминий, ағаш және энергетика салаларын төрт есе дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол АҚШ-тың Канадаға жыл сайын жүздеген миллиард доллар субсидия беретінін, бұл тек Канада штатқа айналған жағдайда ғана ақылға қонымды болатынын атап өтті.
Ол екі елдің «жасанды сызықпен» бөлінгенін айтып, шекарасыз біртұтас кеңістіктің артықшылықтарын ерекше атап өтті.