
Атырауда «Atyrau Faces» атты фотокөрме ашылды. Онда келушілер өрт сөндіруші, сүңгуір, мұнайшы, химик-лаборант, агроном, өндірістік альпинист, автоэлектрик, кран жүргізуші мен аспаз сияқты еңбек етуші мамандардың табысты оқиғаларымен танысты.
Олардың арасында 28 жылдық тәжірибесі бар кран жүргізуші әйел және жоғары оқу орнын бітіре сала мұнай компаниясына жұмысқа орналасқан жас маман да бар.
Бұл жобаны Мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша «Golden Steppe Explorers» қоры жүзеге асырды. Барлығы осындай 90 еңбек адамының бейнесі мен кәсіби оқиғасы жарыққа шығады. Бұл материалдар «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында әлеуметтік желілерде таратылады.
Айнұр САПАРОВА