
26 сәуір мен 7 мамыр аралығында Атырауда Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағындағы ауа мен физикалық факторларға өлшеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Атырау облысының экология департаменті хабарлады.
Жұмыстары АМӨЗ-дің жаңа санитарлық-қорғау аймағын анықтау жобасы аясында жүргізілуде. Мамандар ауа сапасын және өнеркәсіптік нысандардың қоршаған ортаға әсерін бағалайды. Алынған деректер ерекше экологиялық талаптар сақталуы керек аймақтың нақты шекарасын анықтауға көмектеседі.
Зерттеу нәтижелері зауыт маңында тұратын адамдардың қауіпсіздігін арттыру шараларын әзірлеу үшін пайдаланылмақ.
Айнұр САПАРОВА