
Өңірдегі дәрігерлер соңғы уақытта жол-көлік оқиғаларының жиілеп, зардап шеккен науқастар санының артқанын мәлімдеді.
"Қауіпсіз жол" акциясы аясында медицина қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларға арнайы үндеу жасап, сақтық шараларын күшейтуге шақырды.
Облыстық аурухананың травматолог-дәрігерінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері жол апатына ұшыраған 487 науқасқа медициналық көмек көрсетілген. Өкінішке орай, жол-көлік оқиғаларының салдарынан 25 адам көз жұмды.
Дәрігерлер көлік жүргізушілері мен жолаушыларға жол ережелерін сақтап, қауіпсіздікке баса назар аударудың маңыздылығын ескертуде. Өйткені, жол апаттарының салдары адам өмірі мен денсаулығына орасан зор қауіп төндіреді.
В Атырау 0