Атырау, 23 желтоқсан 00:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда жол апатынан ​кейін өмірі өзгерген жандардың ​қатысуымен акция өтті

Бейнежазба
722 рет қаралды

Атырауда патрульдік полиция батальоны жол-көлік оқиғасы салдарынан арбаға таңылған жандармен бірге ерекше форматтағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Акцияның басты мақсаты — тұрғындарға жолда абай болудың маңыздылығын түсіндіру және өмірдің бір сәтте өзгеріп кетуі мүмкін екенін көрсету болды. Полиция қызметкерлері мен акция қатысушылары қала көшелерінде жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

-  Бүгінде Атырауда 400-ден астам адам жол апатынан зардап шеккен. Өзіміз де осы жағдайды бастан өткерген соң, жол апатының салдары қандай ауыр болатынын жақсы түсінеміз. Сондықтан жолда әрдайым абай болыңыздар, – деді қоғам белсендісі Есболат Балабаев.

Шара барысында қала тұрғындары арбаға таңылған жандардың шынайы оқиғаларын тыңдап, терең әсер алғандарын жеткізді. Бұл үндеу әрбір адамды жолда жауапкершілікпен жүріп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.


28 сәуір, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.