Атырау, 21 желтоқсан 22:23
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырау облысындағы кадрлық өзгерістер: жаңа басқарма басшысы таныстырылды

714 рет қаралды

Атырау облысы әкімінің өкімімен мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының лауазымына Серік Демегенов тағайындалды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.

Серік Жұмажанұлы 1981 жылы Атырау облысы, Мақат ауданында дүниеге келген. 2003 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Басқару және құқық институтын “Құқықтану” мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Серік Жұмажанұлы мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2004 жылы Махамбет аудандық прокуратурасында бастап, осы салада 20 жылдан астам тәжірибе жинақтаған.

  • 2013-2020 жылдары Атырау облысы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
  • 2020-2021 жылдары сол басқарманың басшысы болды.
  • 2021-2023 жылдары қайтадан басқарма басшысының орынбасары қызметінде жұмыс істеді.
  • 2023 жылдың 4 қаңтарынан бастап Атырау қалалық қаржы бөлімін басқарған.
28 сәуір, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.