
Альфа-банктің болжамына сәйкес, 2025 жылы әлемдік экономиканың өсімі 2,9%-дан 1,7%-ға дейін баяулайды, мұнайға сұраныс тәулігіне 860 мың баррелден артық өспеуі мүмкін. Соның нәтижесінде биыл әлемде мұнай тұтыну тәулігіне 104,5 млн баррелден төмен болады деп болжануда, деп хабарлайды "Черный лебедь, рак и щука" телеграм-каналы.
Базалық болжам бойынша, 2025 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы 75 доллар, ал Urals 62,5 доллар болады. 2028 жылға қарай бағалар Brent үшін 79 доллар, Urals үшін 71 доллар шамасында болмақ. Сонымен қатар, ОПЕК+ елдері сәуірден бастап мұнай өндіру көлемін арттыруда.
2027–2028 жылдары Brent мұнайы айтарлықтай арзандауы мүмкін. 2025 жылы орташа баға 75 доллар болса, 2026 жылы 77 доллар, 2027 жылы 67 доллар, ал 2028 жылы 53 доллар деңгейіне дейін төмендеуі ықтимал. Кейбір болжамдар 2028 жылы тіпті 45 долларға дейін қысқа мерзімді құлдырау болуы мүмкін екенін көрсетеді.
В Атырау +4