
Атырау қаласы Жұлдыз ықшам ауданы Чукиев көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің шатырында өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Бірінші бөлімше келгеннен кейін 255 ш.м. алаңда шатыр жанып жатқаны анықталды. Өрттің таралу қаупі орын алды.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
В Атырау +4