Атырау, 22 желтоқсан 20:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Браконьерлерге 8 миллион теңге айыппұл салынды

549 рет қаралды

«Бекіре-2025» акциясы басталғалы 1-24 сәуір аралығында заңсыз айналымнан 2 тонна 518,8 келі балық, оның ішінде 436 келі бекіре тұқымдас балық және 2 келі бекіре уылдырығы, 108 аулау құралы және 5 су көлігі тәркіленді. 

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілі Олег ТУШКАНОВТЫҢ мәліметінше, акция кезінде браконьерлік пен жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін балық түрлерімен заңсыз айналысу дерегі бойынша 12 қылмыстық іс қозғалып, заң бұзушыларға жалпы сомасы 8,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

 «Бекіре-2025» акциясы аясында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғатты қорғау органдары және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасының 459 бұзушылығын анықтап, жолын кесті. Бұл құқықбұзушылықтар бойынша 340 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек күнделікті өзен арналары мен теңіз аумағын тралдау нәтижесінде 291 заңсыз балық аулау құралы судан алынды,- деді Олег Тушканов. 

Айта кетейік, балық қорын қорғауға арналған «Бекіре-2025» кең ауқымды балық қорғау акциясы 31 мамырға дейін жалғасады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Иллюстрациялық сурет «АЖ» архивінен

28 сәуір, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.