Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ҚХДР Ресей-Украина соғысына өз әскерінің қатысқанын растады

594 рет қаралды
Сурет: AFP

КХДР билігі Ресейге Украинамен соғысқа қатысу үшін өз әскерін жібергенін алғаш рет растады деп хабарлайды Yonhap Кореяның Орталық ақпарат агенттігіне (KCNA) сілтеме жасап, деп жазады BBC.

KCNA агенттігінің хабарлауынша, әскерді тасымалдау екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы келісімге сәйкес «Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның бұйрығымен» жүзеге асырылған.

«Украина билігінің Ресей Федерациясына абайсыз басып кіруіне тойтарыс беру үшін Курск аймағын азат ету операциялары жеңіспен аяқталды», - делінген KCNA мәлімдемесінде.

Онда КХДР Қарулы күштерінің бөлімшелері «мемлекет басшысы Ким Чен Ынның бұйрығына сәйкес» операцияларға қатысқаны айтылған.

Сенбі күні Ресей Бас штабының басшысы Валерий Герасимов Владимир Путинге Курск облысындағы жағдай туралы есеп беріп, «Солтүстік Кореяның әскери қызметкерлері аймақты азат етуге айтарлықтай көмек көрсетті» деп мәлімдеді.

Герасимовтың мәлімдемесі КХДР әскерінің Ресейге жіберілгенін алғашқы ресми растағаны болды.

28 сәуір, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.