Атырау, 21 мамыр 09:45
 ашықВ Атырау +22
$ 511.59
€ 575.28
₽ 6.33

Атырауда ұландықтар тыл ардагері Үміт Сүпғалиева​ны құттықтады

1 175 просмотра

Атырауда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске – 100 күн» жалпыреспубликалық акциясы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының әскери қызметшілері тыл ардагері Үміт Сүпғалиеваны құттықтады.

Акция шеңберінде 5546 әскери бөлімінің командирі, полковник Ерлан Берікқалиұлы Ипатов бастаған әскери оркестр Атырау қаласында тұратын тыл ардагері Үміт Сүпғалиева әжейдің үйіне арнайы барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Бөлім командирі ардагерге ел болашағы үшін жасаған жанқиярлық еңбегі мен табанды қайраты үшін ризашылығын білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Әскери оркестр соғыс жылдарындағы жауынгерлік әндерді орындап, ардагер әжейге ерекше көңіл-күй сыйлады. Көз жасына ерік берген Үміт әжей сол бір зұлмат жылдарды еске алып, бүгінгі бейбіт өмір үшін шүкіршілік ететінін жеткізді. Сонымен қатар, елімізде енді қайтып соғыс болмасын, халықтың бірлігі мен тыныштығы баянды болсын деген ақ батасын берді.

«Ұлы Жеңіске – 100 күн» акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіліп, патриоттық шараларды, ардагерлермен кездесулерді, ерлік сабақтарын және халықтың соғыс жылдарындағы ерліктерін есте сақтауға бағытталған салтанатты рәсімдерді қамтиды.

25 сәуір, 19:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.