Атырау, 16 наурыз 14:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

ТШО қазақстандық өндірушілермен $10,5 млн құрайтын шарттарға қол қойды

1 270 рет қаралды

Астанада өтіп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы аясында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға 20% үлесі тиесілі) үш отандық компаниямен жабдық жеткізу бойынша $10,5 млн астам соманы құрайтын шарттарға қол қойды.

Бұл келісімдер аясында «АтырауМұнайМаш» ЖШС, «Sewon-Vertex HeavyIndustry» және «Honeywell Automation Controls System» компанияларынан алынатын өнімдер 2026 жылы Екінші буын зауытын күрделі жөндеу кезінде, сондай-ақ Теңіз кен орнында қауіпсіз әрі тұрақты өндірісті қамтамасыз ететін ағымдағы жұмыстарда қолданылады.

Отандық өнеркәсіптік кластердің дамуын қолдау мақсатында жергілікті қамту үлесін арттыру және өндірісті оқшаулау ТШО-ның ірі акционерлерінің бірі – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның басты стратегиялық бағыттарының бірі саналады. Жаңа келісімдер әсіресе жергілікті компаниялардың тауарларын жеткізу арқылы елішілік құндылықты нығайтуға ықпал ететін болады.

1993 жылдан бері ТШО қазақстандық жеткізушілерден шамамен $50,5 млрд сомасына тауарлар мен қызметтер сатып алған.

25 сәуір 2025, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.